Банкте әрбір жаңа клиент пен әрбір несие өтінімі — оператор қолмен теретін құжаттар жинағы. Онбординг пен несие конвейерінде бұл сағаттаған жұмыс, кезектер және ЖСН-дегі қателер.
Жеке куәлік, кіріс туралы анықтама және мекенжай анықтамасы автоматты танылады: ТАӘ, ЖСН, жарамдылық мерзімі мен мекенжай бірден клиент анкетасына түседі. Оператор тексереді, теруге отырмайды.
Кіріс анықтамалары, шот үзінділері, кепіл құжаттары скоринг үшін құрылымдалған деректерге айналады. Өтінім бойынша шешім қолмен енгізуді күтпейді.
Тану сіздің үдерісіңізге REST API арқылы кіріктіріледі: құжаттан деректер аралық Excel-сіз бірден банк жүйесіне барады.
Банк үшін клиент деректері периметрден шықпауы тиіс. Тануды өз контурыңызда орналастырамыз — құжаттар мен дербес деректер сіздің серверлеріңізде қалады.
Иә. АБЖ, CRM немесе KYC-модуліне кіріктірілетін REST API береміз. Құжаттан деректер жүйеңізге құрылымдалған түрде келеді.
Банктер үшін on-prem қолжетімді: тану сіздің контурыңызда жұмыс істейді, деректер сыртқы бұлтқа шықпайды. Өңдеу ҚР дербес деректер заңына сай құрылады.
Иә, ҚР құжаттарын қазақ және орыс тілінде, соның ішінде бір құжаттағы аралас мәтінді және телефон фотосын танимыз.
Өтінім қалдырыңыз — енгізу нұсқасын таңдап, сіздің құжат үлгілеріңізде демо өткіземіз.
Демо алу →